Алдағы жоспарлар пысықталды

Кеңес отырысында сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында қалалық ХҚКО-да атқарылған жұмыстар және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өткен жылдың қорытындысы тыңдалды.
«Nur Otan» партиясы қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Бақыт Сәлиев жемқорлықтың жолын кесу, қоғамның жемқорлыққа қарсы төзбеушілік ұстанымын қалыптастыру ісі өте өзекті екенін еске салды. Осы мақсаттағы атқарылатын іс-шараларда шындықты негіз ету, науқаншылдыққа жол бермеу, халықтың айтарына назар аудару, әсіресе, партия мүшелерінің мемлекетке адал, өз ісіне жоғары жауапкершілікпен қоғамда үлгі-өнеге бола білуінің маңыздылығына назар аударды. Кеңес отырысында, сонымен бірге, алда атқарылатын жұмыстар жоспары пысықталды.