Жомарттық жолы

Демалыс пен құнарлы тағам адам денсаулығы үшін өте маңызды. Әсіресе, қауіпті індет жұқтырған науқастарды емдеп, аурумен бетпе-бет күресіп жатқан дәрігерлерімізге жағдай жасау – біздің азаматтық міндетіміз. Осы ізгі ұстанымды алға шығарған қаламыздағы БПҰ төрағалары, қалалық мәслихат депутаттары мен жомарт жүректі кәсіпкерлер кәсіптік колледждің жатақханасына орналастырылған дәрігерлерімізді құнарлы тағамдармен қамтамасыз етуге атсалысып келеді. Жақында ізгі ниетті азаматтар колледж асханасына азық-түліктер әкелді.
Ақ халатты абзал жандар қаламыздағы кәсіпкерлердің, белсенді азаматтардың ыстық ықыласына, қамқорлығына риза-шылықтарын жеткізді.