Кездесу

Есеп барысында қалалық мәслихат депутаты «Алатау» шағын ауданында атқарылған жұмыстарды атап өтті. Олардың ішінде, жылу құбырлары жүргізілген көшелерді тегістеу, қалалық аурухананың және емхананың жанындағы қураған ағаштарды кесу мәселелері өз шешімін тапқанын жеткізді. Сонымен қатар сайлау округі және қала аумағындағы мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда Қазақстан көшесіндегі жарық шамдарын ауыстыру және аулалардағы балалар алаңдарын жөндеу мәселелері бойынша жауапты мекемелермен жақын арада шешілетінін айтты. Есеп барысында "Округімізге қатысты көптеген мәселелер көтеріліп жатыр, оның біразы қысқа мерзімде оңтайлы шешімін тапты. Сол үшін сізге алғысымызды білдіреміз және алдыда көптеген жұмыстардың атқарылатынына сенеміз!" - деді қала тұрғындары.