Барлық түйіндер заң аясында шешіледі

Осы аптада «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бахтияр Өнербаев тұрғындарды қабылдап, түрлі мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.
Барлық түйіндер заң аясында шешіледі

Қабылдауға қала әкімінің орынбасарлары, сондай-ақ, бірқатар мекеме басшылары мен мамандары қатысты. Қала әкімі тұрғындардың баспана, әлеуметтік көмек, жұмысқа орналасу, үй салуға қажетті жер телімі, сондай-ақ, басқа да жеке мәселелері бойынша қойған сұрақтарының кей-біріне сол жерде жауап беріп, орынбасарлары мен жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді. Күрмеуі қиын түйіндердің шешілу жолын бағамдап, барлық түйткілдер тек заң аясында шешілетіндігін және оған белгілі бір уақыт қажет екенін жан-жақты түсіндірді. Айталық, халықты жұмыспен қамту бойынша бүгінде «Еңбек» бағдарламасы іске асырылуда. Жұмыс іздеген кез келген азамат қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы бағдарлама бағыттарынан игіліктене алады. Тек жұмыс іздеуші өзі белсенді болуы керек. Жеке үй салуға лайықты жерге алдымен қажетті инфрақұрылымдар толықтай тартылуы, яғни, жол, ауыз су, жарық, жылу мен қалдық су жүйелері дайын болуы керек. Осы алғышарттар қамтамасыз етілмегендіктен, қазір қалада үй салуға қажетті жер телімін беру уақытша тоқтатылған. Кездесуде қала әкімі мұқтаж жандарға мемлекет қа-шанда көмек қолын созып, мүмкіндігінше қолдау көрсетіп келе жатқанын, ал, он екі мүшесі сау, еңбекке қабілетті азаматтар алға қарап талпынуы, ұсынылған жұмыстан бас тартпай, қиындықтан өтуі, мемлекеттік бағдарламалардан пайдаланып, өзін дамытуға белсенді болуы керектігін де еске салды.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.