Кішітөбе ауылында сайлаушылардың 82%-ы өз таңдауын жасады

Қаратал ауданындағы Бастөбе ауылдық округінде 3486, Жолбарыс батыр ауылдық округінде 1649 сайлаушы саяси науқанға қатысуда. Соның ішінде 201 сайлаушы Кішітөбе ауылдық округіндегі 550-ші сайлау учаскесінде тіркелген.
Кішітөбе ауылында сайлаушылардың 82%-ы өз таңдауын жасады

Бүгінде, аталған учаскедегі 166 сайлаушы дауыс беріп үлгерді.

Саяси бәсекеде бақ сынап жақтан  кандидаттарға дауыс берушінің ең кішісі Кішітөбе ауылының тұрғындары.  Енді ғана 18-ге толған қос тұрғын, алғаш рет, ел үшін маңызы бар науқанда өз таңдауларын жасаған. Бұл ел тарихынан бөлек, қос тұрғынның өміріндегі ең елеулі сәтке айналғаны анық.

Қаратал ауданындағы барлық сайлау учаскелерінде санитарлық талаптар сақталған. Келушінің денеқызуы өлшеніп, кіреберістерге қолды өңдейтін санитайзерлер қойылған. Учаске ішіндегі әлеуметтік арақашықтық та белгіленген.

Бұл сөзімізді, ауыл тұрғыны әрі "Nur Otan"  партиясынан келген бақылаушы да растап отыр.

"Мен осы ауылдың тұрғынымын. Бүгінгі сайлауға "Нұр Отан" партиясының бақылаушысы ретінде Кішітөбе ауылындағы 550-ші сайлау учаскесіне келіп отырмын. Барлығы шынайы өтуде. Заң бұзушылық орын алған жоқ. 25 шілде сағат 13:30-дағы мәліметке сүйенсек, сайлаушылардың 82%-ы дауыс берді. Кешке дейін 100% сайлаушы азаматтық парызын орындайды деп күтілуде,- деді бақылаушы Вероника Калимулина

Айта кетейік, ауданда  7 сайлау учаскесі бар. Аймақта  5 мыңнан астам сайлаушы қос ауылдық округке лайықты басшыны таңдауға ат салыспақ. Осы уақытқа дейін, Қаратал ауданында сайлаушылардың тең жартысы бюллетеньдерге өз жауабын қалдырған.

#сайлау-2021#выборы-2021

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.