Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ауыл әкімдерінің тікелей сайлауында дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды

25 шілде күні ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл бастаманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында ұсынған болатын. Мемлекет басшысы атап өткендей, алдағы дауыс беру науқаны саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді, сондай-ақ, жүргізіліп жатқан реформалардың дәйектілігін және тиімділігін көрсетеді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ауыл әкімдерінің тікелей сайлауында дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды

Сайлау науқаны барысында азаматтарымыз жоғары белсенділік танытып, тұрғындардың мемлекет ісі мен қоғам өміріне етене араласатынын және еліміздің қазіргі дамуы мен келешегіне зор жауапкершілікпен қарайтынын көрсетті. Мұны Президент «азаматтық патриотизмнің шын мәніндегі шынайы көрінісі» деп атап өтті.
Жергілікті атқарушы органдардың басшылары саналатын әкімдер мемлекеттің басты міндеттерінің бірі – отандастарымыздың тұрмыс сапасын арттыру мәселесін шешуде негізгі рөл атқаруы тиіс.
Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдар мен аудандық маңызы бар қалалардың тұрғындарын дауыс беруге белсенді қатысуға шақырады. Мемлекет басшысы сайланған кандидаттардың бәрі өзі ісінің маманы болатынына және халықтың үмітін ақтай алатынына сенім білдіреді.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.