Қазақстан халқы ассамблеясынан Мәжіліске тоғыз депутат сайланды

Қазақстан халқы ассамблеясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге дауыс беру аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан халқы ассамблеясынан Мәжіліске тоғыз депутат сайланды

ҚХА атынан тоғыз адам Мәжіліске үміткерлер:

Сауытбек Әбдірахманов - Қазақстан Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты;
Аветик Амирханян - БҚО армян этномәдеми "Масис" қоғамдық бірлестігінің өкілі;
Ілияс Буларов - Жамбыл облысы Қордай ауданы Сарытөбе ауылдық округінің әкімі;
Наталья Деменьтева - Көкшетау білім басқармасының "Технический лицей" КММ директоры;
Юрий Ли - "Қазақстан ұлттық коллекторлар палатасы" ЗТБ төрағасы;
Вакиль Набиев -күрттердің "Барбанг" қауымдастығының" вице-президенті;
Шамиль Осин - "Шығыс" фермерлік шаруашылығының басшысы;
Владимир Тохтасунов -"ЖетісуОблГаз" ЖШС бас директоры;
Абилфас Хамедов - "Әзербайжандар қауымдастығы" РҚБ төрағасы.

Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясының өкілдері ҚХА-ның 351 мүшесі дауыс бергенін атап өтті.

Сауытбек Әбдірахманов үшін 298 бюллетень, Аветик Амирханянға - 270, Ілияс Буларовқа - 274, Наталья Деменьтевке - 292, Вакиль Набиевке - 285, Юрий Лиге - 282, Шамиль Осинге - 271, Владимир Тохтасуновқа - 277, Абилфас Хамедовке - 290 бюллетень берілген.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.