Жамалова Камила Тоқтасынқызы

Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат үшін бөлінген республикалық бюджет қаражатынан төленді
Жамалова Камила Тоқтасынқызы

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫ №8 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ

Жамалова Камила Тоқтасынқызы

1987 жылы 11 қарашада Талдықорған облысы, Сарқан ауданы, Лепсі кентінде дүниеге келген.

Лепсі кентінің №54 орта мектебін бітірді. Білімі жоғары, медициналық. Еңбек жолын 2014 жылы Текелі қалалық ауруханасында терапевт дәрігерінен бастап, емхана меңгерушісі қызметін атқарды. Қазіргі уақытта директордың ішкі аудит және медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары.

Отбасын құрған, үш бала тәрбиелеп отыр.

Халықтың қамы үшін

қызмет етемін

Мен сайлаушылардың сенімін иемденіп, депутат деген мәртебелі мандатқа қол жеткізсем, мынадай өзекті мәселелердің оң шешімдерін табуға ықпал етемін:

● Уақыт талабына сай жұмыс істеп, жергілікті жерде қоғамдық бақылауды енгізу арқылы қаладағы  ахуалға тұрғындардың  ықпалын арттыруға қол жеткізу.

● Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.

● Қоғамдық орындарды (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары) құру, жөндеу және жарықтандыру.

● Балалар ойындары мен ересектердің демалуына арналған беседкаларды, орындықтарды, қоқыс жәшіктерін, жабдықтар мен құрылымдарды орнату және жөндеу.

● Аула аумақтарындағы және жалпы пайдаланатын жерлердегі спорт алаңдарын (спорт залдары, футбол, баскетбол, волейбол алаңдары), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.

Мемлекетіміздің ең құнды байлығы халық болғандықтан, халқымыздың әл-ауқатын көтеру, жаңа туған сәбиден бастап қазыналы қарттарымызға дейін жақсы, сапалы өмір сүру жағдайы жасалуға тиіс. Халыққа сөзбен емес, іспен қызмет ету басты ұстанымым  болып табылады. Әділетті, жаңа Қазақстан құру жолында бар тәжірибем мен маңдай терімді төгіп, нәтижелі жұмыс атқаруға дайынмын. Туымыз – шындық, тұғырымыз – халық!

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.