Долгалев Станислав Анатольевич

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫ №8 САЙЛАУ ОКРУГІ
БОЙЫНША ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
Долгалев Станислав Анатольевич
1977 жылы 23 наурызда Текелі қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Білімі – жоғары. Үйленген. Үш бала.
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМА
Менің сайлауалды бағдарламамның басты мақсаты – азаматтарға олардың әлеуметтік және өмірлік маңызды мәселелерін шешуге көмектесу.
Егер сіз маған сенім білдіріп, біздің қаланың мәслихатында өз өкіліңіз ретінде сайласаңыз, онда мен өзіме нақты міндеттер қойып, оларды шешуге тырысамын.
Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі мақсаттары:
● білім беру, денсаулық сақтау және спорт мәселелерін шешуге ұмтылатын боламын;
● мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысу;
● халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетемін;
● білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласының жас мамандары үшін тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдау;
● көшелерді, аулаларды абаттандыру және жарықтандыру мәселелеріне жәрдемдесетін боламын.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Сіздің қолдауыңыздың арқасында мен сайлауалды бағдарламамның барлық мақсаттарын жүзеге асыратыныма сенемін. Болашағымызды бірге құрайық.