Ақпараттық хабарлама

Газеттің басылым алаңдарын берудің шарттары мен тәртібі
Газет үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін басылым алаңдарын береді. Газеттен басылым алаңдарын беру газеттің меншік иесі мен депутаттыққа үміткердің сенімді өкілі арасында үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған басылым алаңын беруге жасалған келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Келісімшарттың формасы мен тиісті құжаттар жазбаша өтініш тапсырылған кезде қоса беріледі.
Газетке жазбаша өтініш осы ақпараттық хабарлама негізінде 2024 жылдың 5 наурыздан бастап 2024 жылдың 30 наурызына дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын Текелі қаласы, Гагарин көшесі, 12/4 мекенжайы бойынша қабылданады. Жарияланымдарда ақпаратты берген тұлғаның тегі, қаржыландыру көздері, материалдарды шығаруға жауапты тұлғалар, олардың төленуі туралы ақпараттар болуға тиісті. Қалалық мәслихат депутаттығынан үміткерлер (сенімді өкілдері) газеттің меншік иесіне келесі ақпараттар көрсетілген жазбаша өтініш тапсырады: 1) өтініш беруші үміткердің (сенімді өкілдің) тегі, аты-жөні; 2) үміткердің (сенімді өкілдің) жеке бас куәлігі, 3) уәкілетті органмен берілген үміткерлік (сенімді өкілдік) куәлігі; 4) үгіт-насихаттық материалдардың түрі, оны жариялаудың уақыты мен баспа алаңының жоспарланған көлемі көрсетілген жазбаша өтініш мазмұны; 5) үміткердің (сенімді өкілдің) қолтаңбасы. Үміткер куәлігінің көшірмесі мен үміткердің (сенімді өкілдің) жеке бас куәлігінің көшірмесі қоса беріледі. Баспа материалдарын орналастырудың кезектілігі жазбаша өті-ніштердің келіп түсу реттілігіне байланысты белгіленеді. Газетке үгіттік баспа материалдары газет жарық көретін датаға 3 (үш) күнтізбелік күн қалғанға дейін модуль немесе мақала түрінде тапсырылуға тиісті. Газет материалдарда конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, республиканың тұтастығын, мемлекеттің қауіпсіздігін бұзуға, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық алауыздық тудыруға, сондай-ақ, заңмен қарастырыл-маған және заңмен қарастырылған, тағы басқа да негіздерде әскерилендерілген құрылымдар құру идеялары көрініс берген жағдайда үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Газет саяси партиялардың абыройы мен қадір-қасиетіне немесе іс-керлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттар болған жағдайда үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген басылым алаңдарын берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органдардың талабына сай түзетілуі мүмкін. Газеттің басылым алаңдарын төлеудің тәртібі мен мөлшері Үгіттік материалдарды орналастыруға арналған басылым алаңдарының бағасы:
● қалалық мәслихаттың депутаттығынан үміткерлер үшін модуль, мақала орналастырудың 1 шаршы см. – 250 теңге; Үгіттік материалдар, модуль, баннерді орналастыру тәртібі: – сайтта орналастыру үшін (күніне 5 материалға дейін) күнделікті – 15000 теңге; – әлеуметтік желілерде тарату 1 тәулік үшін – 4500 теңге; Төлем серіктестік берген есепшот негізінде сол есепшот берілген күннен басталатын 5 (бес) банк күні ішінде жүргізіледі. Төлем газеттің басылым алаңын беру жөніндегі тиісті келісімшартта немесе есепшотта көрсетілген серіктестіктің банк реквизиттеріне төленеді.