Мүгедектерге мүмкіндік

Атап айтқанда, есту, көру қабілеті, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы, сондай-ақ басқа да қауқары аз азаматтар үшін бөгде адамдардың көмегінсіз жасырын дауыс берулеріне жағдайлар жасау, сайлау учаскесінен тыс дауыс беру үшін жағдайлар көзделу, сайлау учаскелерінің жанында ыңғайлы кіреберіс және жаяу жүргіншілер жолдарының, автокөлік тұрағы үшін арнайы орындардың болуын, дауыс беретін ғимараттарды ыңғайлы пандустармен, төсеніштермен, тактильді көрсеткіштермен және қозғалыс бағытының көрсеткіштерімен қамтамасыз ету керек. Мүгедектігі бар адамдардың, оның ішінде кресло-арбаны пайдаланушылардың еркін жүріп-тұру қажеттіліктерін ескере отырып, сайлау учаскесінің ішіндегі кеңістікті ұйымдастыру, көлемі бойынша есіктер керенелерінің жеткілікті дәрежеде кең, ғимарат ішінің жарық, тактильді көрсеткіштер мен қозғалыс бағытының көрсеткіштері болғаны жөн. Сайлау науқанының барысы, кандидаттар, дауыс беруді жүзеге асырудың нысандары мен әдістері, дауыс беру уақыты мен орны, қажетті байланыс ақпараты сондай-ақ сайлау нәтижелері туралы ақпарат мүгедектіктің әртүрлі санаттары бар адамдардың қабылдауы үшін қолжетімді тәсілде (аудио файлдар, субтитрлер, бейне, Брайль қарпі, компьютер экраны) болуы қажет. Есту қабілеті бұзылған сайлаушылар үшін ым тілі аудармашысын шақыру мүмкіндігін қарастырудың, сайлау учаскелерінде дауыс беруге көмек және жәрдем көрсетуге қабілетті әлеуметтік қызметкерлердің, еріктілердің қатысуын ұйымдастырудың маңызы ерекше.