5 қарашада Жетісу облысының аудандары әкімдерінің сайлауы өтеді

Жетісу облыстық мәслихатының шешімімен Сарқан және Кербұлақ аудандарының пилоттық аймақтарының тізбесі жасалды. Пилоттық өңірлерде сайлау өткізу күні 2023 жылғы 5 қарашаға белгіленді. Бұл туралы Жетісу облысының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Самат Бейсенов Өңірлік коммуникациялар алаңында БАҚ өкілдерімен кездесуде айтты.
5 қарашада Жетісу облысының аудандары әкімдерінің сайлауы өтеді

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабының 3-тармағына сәйкес әкімді сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы тағайындайды және олар тағайындалған күннен бастап елу күн ішінде өткізіледі. 
«Мемлекет басшысының аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін тікелей сайлау өткізу туралы бастамасы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыруға және азаматтардың жергілікті атқарушы билік деңгейінде шешімдер қабылдауға тікелей қатысуын кеңейтуге бағытталған саяси реформалар процесінің маңызды кезеңі болып табылады. Кандидаттарды ұсыну 5 қазан күні кешкі сағат 18.00-ге дейін басталады. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы заңға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының азаматтығы болу тиіс, жасы-25 жастан кем болмау керек. Үміткерлерді тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады», - деді Самат Сұлтанбекұлы.
Алдағы аудан әкімдерін сайлау шеңберінде 94 сайлау учаскесі, сондай-ақ аумақтық комиссиялардың 21 мүшесі және учаскелік сайлау комиссияларының 538 мүшесі жұмылдырылатын болады. Екі аудандағы сайлаушылардың жалпы саны 54 760 адам.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.