Депутаттар ант берді

VIII сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттары палатаның жалпы отырысында Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді.
Депутаттар ант берді

Жаңа сайланған халық қалаулылары: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін», – деді дүйім елге. 

19 наурызда өткен Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары сайлауының қорытындысы бойынша «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 6, «AMANAT» партиясы – 40, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 8, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 4, «Қазақстан Халық партиясы» – 5 және «Respublica» партиясы – 6  мандат алды. Мәжіліс депутаттарының толық тізімі жарияланды.

28 наурызда ОСК партиялық тізім бойынша VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаттарын тіркеп, депутаттарға куәліктер мен төсбелгілер табыс етілді.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

 

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.