«Көмек қолын созыңыз» акциясы

Акция аясында Департамент қызметкерлері Алматы облысы Білім басқармасының "Айналайын" балалар үйі КММ-не барды.
Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету болып табылады.
Шара аясында Айналайын үйінің тәрбиеленушілерінің ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік балалар көзімен" тақырыбында шағын концерт және суреттер көрмесі өтті.
Іс-шара соңында Мемлекеттік қызметтер басқармасы басшысы Ж. Андабеков қоғамның алдында тұрған зор міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру, қамқорлық таныту екендігін ескеріп өтті.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті