Болар елдің балалары

Туған жерге сүйіспеншілікті арттыру, туған өлкенің табиғаты мен тарихын жан-жақты таныту, экологиялық тәрбие беру, саяхат жасауға қызығушылықты арттыру және өлкетану бағытындағы зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік ашуды мақсат еткен байқау қатысушылардың жас ерекшелігіне қарай 2 топқа бөлініп өткізілді. Қала мектеп-терінен қатысқан оқушылар алған білімдерін, тапқырлық, жылдамдықтарын сарапқа салды. Нәтижесінде жасөспірімдер тобында №1 орта мектебі 1-орын, №7 орта мектебі 2-орын, №4 орта мектебі 3-орын, ал балалар тобында 1-орынды №7 орта мектебі, 2-орынды №6 орта мектебі, 3-орынды №5 орта мектебі иеленді.
Барлық қатысушыларға естелік кітаптар, жүлделі орын алған оқушыларға грамота және кубок табыс етілді.
***
Мерейтойлық отыз жұлдызды күн аясында №3 орта мектебінде оқушылар арасында «Тәуелсіздік эстафетасы» көңілді старт жарыстары өтті. Мектептің жас мамандары ұйымдастырған сайысқа 3-4 сынып оқушылары қатысты. Салауатты өмір салтына шақырған жарыста төрт топқа бөлінген қатысушылар әртүрлі кедергілерден өтіп, арқан тартып, ширақтық пен ептілікті сынға салды.
Торғын ТҰРЛЫБАЕВА
#Qazaqstan30