Тәуелсіздік жыр-әнім

Жарқырап атты алтын таң,
Жаралып нұрдан шалқыған.
Тәуелсіз елдің көгінде
Қыраны биік қалқыған.
Қайырмасы:
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – ұраным,
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр-әнім.
Аңсай күткен тәуелсіздік тойында,
Шаттанумен, мақтанумен тұрамын.
Ер едік ежел заманнан,
Намыс пен ардан жаралған.
Аңсадық еркін өмірді,
Сынақтан өтіп сан алуан.
Қайырмасы:
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – ұраным,
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр-әнім.
Аңсай күткен тәуелсіздік тойында,
Шаттанумен, мақтанумен тұрамын.
Шат өмір, жаса, жаңарған,
Әділдік, нұрдан жаралған.
Киелі атамекенде
Асқақтай берсін ақ арман!
Қайырмасы:
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – ұраным,
Тәуелсіздік, тәуелсіздік –жыр-әнім.
Аңсай күткен тәуелсіздік тойында,
Шаттанумен, мақтанумен тұрамын.
Тәуелсіз елмін, еркемін,
Сергідім, сендім, серпілдім.
Паш етіп, ерлік, елдікті,
Күй болып бүгін шертілдім.
#Qazaqstan30