Алматы облысының азаматтары Ата заң туралы сауалдарға жауап берді

Бұл ретте, Алматы облысында Конституция күнін мерекелеуді бастап кеткенін атап өткен жөн.
Күні кеше, Ата заңның айбынын арттырып, мәртебесін көтеру, ел ішінде қолданыс аясын кеңейту мақсатында Талдықорған қаласының орталық көшелерінде сауалнама жүргізілді.
Бас құжаттың маңыздылығын түсіндіру үшін ұйымдастырылған шараның өтуіне Алматы облысы ішкі саясат басқармасы, «Jetisy Media»КММ мұрындық болды.
Халыққа, Конституция шеңберінде «Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?», «ҚР азаматы қай жастан бастап сенат депутаты бола алады?», «ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады?» деген сияқты сұрақтар қойылды.
Заңдағы басты баптарды жатқа білетін, ұшқыр ойлы жандар сауалнама нәтижесі бойынша жеңімпаз атанды. Оларға «Jetisy Media»КММ-нің атынан естелікке шағын кәдесыйлар табысталды.
«Конституция – мемлекеттің темір қазығы. Бас құжатта барлық талапттар мен ел ішінде сақталуы тиіс тәртіптер қатаң жазылған. Бұның барлығы елдің ішкі және сыртқы тыныштығын сақтауға ықпала етеді. Жарқын болашақтың кепілі-Ата заң. Оның мәртебесін көтеру бәрімізге парыз. Сондықтан да осы шараны қолға алдық. Ата заңның айбынын арттыруға тамшыдай болса үлес қоссақ біз үшін бұл да бақыт»,-дейді ұйымдастырушы Елбосын Абай.
Жауаптылар, Конституция күні шеңберінде әлі де түрлі бағыттағы шаралар өткізілетіндігін алға тартуда. Барлық өтетін шараның мақсаты- төлқұжатың тұғырын төмендетпеу.