Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі

Алматы облысы дін істері басқармасы» ММ, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ Ж. Жабаевтың 175 жылдығы, М. Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі» облыстық жыр мүшәйрасын ұйымдастырады.
- Мүшәйраның мақсаты:
- Жамбыл Жабаевтың, Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу және ақындардың мұрасын жан-жақты, жоспарлы түрде зерттеу және оны ғылыми айналымға енгізу;
- Ұлы ақындардың жан-жақтылығын қамти отырып, ақындық шығармалары арқылы мұрасын, өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа ұғындыру, қазақ тілі арқылы олардың санасында қазақстандық патриотизм сезімдерін қалыптастыру және үлгі ету;
- Жамбылдың жыраулық қырларын кеңінен зерттеу, дәріптеу;
- Жастардың рухани-адамгершілік қасиетін қалыптастыру;
- Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларында өз еліміздің ұлы тұлғаларын насихаттау арқылы Қазақстанды әлемге таныту;
- Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында еліміздеді конфессияаралық және этносаралық қарым–қатынастың тұрақтылық пен дамуымыздың негізгі факторы екенін көрсету;
- Жастар арасында толерантты мінез-құлықты қалыптастыру, мәдениет пен дінді құрметтеу, қазақстандық қоғамның полиэтникалық құрамының қалыптасу тарихы, қазіргі Қазақстанның дамуына қосқан үлесі туралы білімдерін арттыру;
- Елімізді мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың өз мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін сақтау, конфессияаралық келісімді нығайту және татулық, билік, бірлік, бейбітшілікті сақтау;
- Қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген сұранысты арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту;
- Жастардың әдебиетке және отансүйгіштікке деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл мәдениетін көтеру, халық арасынан шыққан ерекше таланттарды ынталандыру.
- Мүшәйраға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
- Облыстық жыр мүшайрасына қатысушының жас мөлшері 18-39 жас аралығында болуы керек;
- Ұсынылған өлеңдер міндетті түрде тақырыпты қамтуы тиіс;
- Байқауға кемінде екі өлең жіберілуі керек. Екі өлең де мүшәйра өткенге дейін ешқандай баспа бетінде жарияланбаған және жинақтарға енбеген тың дүние болуы керек;
- Өлеңнің көркемдігі, айтар ойдың мазмұны мен келтірілген деректердің айқын болуы міндетті;
- Мүшайраға қатысушы өтінімі 2021 ж. мамыр айының 30-на дейін қабылданады (мүшәйраның салтанатты қорытындысы, өтетін форматы, уақыты, орны қосымша хабарланады);
- Жеңімпаздарды марапаттау:
- Байқауға келіп түскен өлеңдер алдын ала қазылар алқасының талқылауынан өтіп, іріктеледі. Сараптаудан өткен өлеңдер ғана облыстық ақындар мүшәйрасына ұсынылады.
- Сарапшылар алқасы анықтаған байқау жеңімпаздары диплом және арнайы ақшалай сертификаттармен марапатталады.
Байқау жеңімпаздарына 270 000 теңге көлемінде сыйақы қарастырылған:
бір – бірінші орын 80 000
бір – екінші орын 60 000
бір – үшінші орын 40 000
үш – ынталандыру сыйақылары белгіленген 30 000 (90.000)
- Мүшәйраға ұсынылатын материалдар мына мекенжайға жолдануы тиіс:
«Алматы облысы дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы, Абылайхан көшесі 125.
Байланыс телефоны: 8(7282) 40-13-39, 8 707 379 05 46 e-mail: m.religiya@mail.ru