Тәу етер күннің тумасы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесінде Текелі қаласында екі нәресте дүниеге келді.
Тәу етер күннің тумасы

Жаңа туған нәрестелерге облыс басшылығының атынан «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» деген жазуымен арнайы көрпешелер тарту етілді.

Тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық торқалы тойы қарсаңында қуанышқа кенелген отбасылардың екеуі де көп балалы. Сәбилерге Нұрай және Бекболат есімдері берілген.

«Еліміздің ең ұлық мейрамы күні дүниеге келген перзенттеріміз бақытты деп санаймыз. Осындай құрметке бөлеп, құттықтаған ел ағаларына алғысымыз шексіз. Ұл-қыздарымыз өскенде «Мен Тәуелсіздік ұланымын!, «Мен Тәуелсіз Қазақстанда туғанмын!» деп мақтанатын болады деп сенеміз. Ұрпағымыздың болашақта отаншыл, елжанды болуы бүгіннен бастау алды» деп сәбилердің аналары жүрекжарды лебіздерін білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.