«Бизнес-климатты құратын мемлекеттік қызметтер»

Аталған шараға Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелері және қызмет көрсетуші мемлекеттік органдар қатысты. Шара барысында Департаментпен қаралған бизнес-қауымдастық өкілдерінің өтініштері туралы және жер қатынастары саласындағы кәсіпкерлік қызметпен байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсету процестеріне жүргізілген талдаудың нәтижелері қаралды.
Сонымен қатар, Алматы облысының жер қатынастары басқармасы, сәулет және қалақұрылысы басқармасы, цифрлық технологиялар бақармасы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы өкілдерінің баяндамалары тыңдалып, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауаптар берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша бизнес саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін құқықтық реттеу, автоматтандыру және мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті