Еңбекшіқазақ ауданында 14 жоба грант алды

Оның ішінде 10 мыңы ауыл шаруашылығы бағытында еңбек етсе, 1,5 мыңы серіктестік ретінде тіркелген. Қалғаны жеке кәсіпкер болып жұмыстарын жалғастыруда.
Өңірде ШОБ субъектілерін дамытуға мемлекет тарапынан қолдау жоғары. Мәселен, ауданда 14 жоба 5 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік грант иесі атанған.
Игілікті бағдарламаның шарапатын көргендердің қатарында Champion» деген атаумен шығатын жүгері өндірісі бар.
Үйдің ауласынан ашылған шағын цехті Рафаэль Файзуллин басқарады. Бастапқыда IT саласында еңбек еткен жан кәсіпке өзімді сынау үшін келдім, дейді.
« Өмірге өзгеріс негізгі келді. Кәсіпке келер алдында нарықты зерттедім. Қандай бағытта бәсеке аз екенін бақылап, аяғында жүгері шығару ісіне тоқталдым. Тәтті жүгеріні ұнатпайтын адам жоқ»,-дейді Рафаэль Рафисович.
Осыдан үш жыл бұрын басталған кәсіптің тасы өрге домалаған. Бүгінде кішкентай ғана цехта шығатын піскен жүрегі еліміздегі ең ірі сауда нүктелерінің сөрелерінен табылуда.
« Мәселен, биыл 25 мың қамтама жүгері өндірдік. Былтыр бұл көрсеткіш оданда жоғары болды. Үлкен тапсырыстарды алуға әліде қауқарымыз жетпейді. Үлгермей қаламызба деген қауіп басым. Сондықтан, аз-аздан тапсырыс алып жатырмыз. Нәтиже жаман емес»,-дейді кәсіпкер.
Айтуынша, ісінің алға басуы үшін мемлекеттік бағдарламаға қатысқан. Құжаттары талапқа сай келіп, 5 млн теңге көлемінде грант ұтып алған. Барлық қаржы қүрылғылар алуға жұмсалыпты.
« Цехтағы керек жабдықтар Ресей және неміс өнімдері. Сапасы жағынан сын көтереді. Қаптамаға арналған салафандарды шет мемлекеттерден аламын. Тек жүгеріні салатын картон қорапты ғана жергілікті өндірушілерден аламыз»,-дейді Рафаэль Рафисович.
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде іс бастап, қолы жүргендердің қарасы қалың. Соның бірі Зарина Черниязова.
Ол, « РДЦмед» сауықтыру орталығының директоры. 2020 жылы кәсібін бастаған Зарина Берікқызы шағын және орта бизнесті қолдауға арналған бағдарламалар өте тиімді дейді.
«2021 жылы грантқа құжат өткіздім. Комиссия шешімімен 2 млн теңге бөлінді. Ол қаржыға ақпараттар алынды. Бұрын аудан жұрты ем алу үшін қалаға қатынайтын қазір біздің орталыққа келеді»,-деді орталық директоры.
Алдағы уақытта штат санын кеңейту жоспарланған екен.
Жалпы, Еңбекшіқазақ ауданында Ұлттық жоба аясында 52 жоба 3 млрд теңге қаржы бөлінген. Бұдан бөлек, « Ауыл аманаты» бағдарламасына 417 жоба қатысқан, сұрыптаудан өткен 62 жобаны қаржыландыру басталған.
« Аймақ ауыл шаруашылығына негізделген. Сондықтан, 100 млн теңгеден астам қаржыға ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Бұл қатарлы жұмыстар жалғасын табады. 2024 жылы барлық саладағы кәсіп түрлерін дамыту көзделген»,-деді аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Нұрболат Серғалиұлы.