Білім мен біліктілік сыналды

Алматы облысы бойынша «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында қалалық Мәдениет үйінде «IQ DODA» зияткерлік ойыны өткізілді.
Білім мен біліктілік сыналды

IQ DODA – білім сынауға негізделген осы заманның зияткерлік ойыны. Білімнің үлкен табысқа, биік шыңдарға бастайтын күш екендігін растайтын бұл ойында негізінен еліміздің тарихы, жер-су аттары, мәдениеті мен руханиятына қатысты сұрақтар қойылады.

Ойынға қала бойынша 6 команда қатысып, қатысушы топтар танымдық-тарихи, музыкалық, бейне және логикалық сұрақтар бойынша сайысқа түсті. Нәтижесінде «Ұлан» тобы 1-орынды иеленіп, облыстық сайысқа жолдама алды. «Spirit» –2, «Тұлпар», «Жалын» тобы 3-орынды иеленді.

Жас мамандарды интеллектуалды дамыту мақсатында ұйымдастырылған зияткерлік ойыны соңында қатысушы командаларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етіліп, үздік деп танылған командалар марапатталды.

Ұлжан Ұлдаханқызы

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.