Балаларға мерекелік сыйлық

14 наурыз – Көрісу күнінде «Жетісу шапағаты» қайырымдылық қоры көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына мерекелік сыйлық жасады.
Балаларға мерекелік сыйлық

Наурыз – халқымыздың ұлық мерекесі,  Күн мен түн теңеліп, сағынтып жеткен көктем кең-байтақ жерімізді жылы шуағымен әлдилейді. Жыл құстары оралып, бұлбұлдар құйқылжыта әнге басады. Бар табиғат жанданып, жаңаша тіршілік басталады. Жылы күн балаларды да шексіз қуанышқа бөлейді. Жеңіл киіммен күнұзақ далада асыр салып ойнайды.

Баланың бойы да, ойы да ойынмен шыңдалатынын ескерсек, наурызда балаларды қуанту, салауатты өмір салтын дәріптейтін түрлі шаралар ұйымдастыру – игі іс. Мерекеге орай, аталған қоғамдық қор 36 баланы самокат және тәттілермен қуантты. Қордың қаламыздағы жауапты өкілі Бахытақын Мергенбай: «Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) «Балаларды қуанту – сүннет» деген. Бұл балаларды назарда ұстауды білдіреді.

Шындығында, Наурыз – біздің төл мерекеміз, жыл басымыз. Балаларымыз осы мерекеде түрлі сыйлықтар алып, ойынға қанып, қуанышқа кенелсе қандай керемет?! Мұны дағдыға айналдыра алсақ, балалар Наурыз мерекесін сағына күтетін болады. Сондықтан, сыйлықтарды көктем мерекесіне  орайластырып отырған жөн.

Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.