Бала санасына сәуле

Қалалық кітапхананың балалармен жұмыс істейтін №1 филиалында мектеп оқушыларына Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы «Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасы аясында «Рухани жаңғыру – ел мүддесі» атты тақырыптық шолу өткізілді.
Бала санасына сәуле

Оқушылардың бойына елжандылықты ұялату, туғaн хaлқынa деген құрмет пен сүйіспеншілікті, мaқтaныш сезімін арттыру мақсатында кітапхананың кітапханашылары Г.Ақшолақова мен Ж.Биболова ұйымдастырып өткізген тақырыптық шолуға №5 орта мектебінің оқушылыры қатысты. Кітапханашылар арнайы дайындалған слайдтық көрсетілімдермен аталған бағдарламаның негізгі бағыттары мен міндеттері және мақсаты мен мәні туралы жан-жақты түсінік берді.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.