Ұлы халықтың ұлы тұлғасы

Қалалық кітапхананың балалармен жұмыс істейтін №1 филиалында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Прагматизм, білім культі, бәсекеге қабілеттілік, сананың ашықтығы» бағыты, «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыңеңбек жолына арналған «Ұлы халықтың ұлы тұлғасы» атты фото-көрмесі ұйымдастырылған.
Ұлы халықтың ұлы тұлғасы

Көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу мен даму кезеңіндегі Тұңғыш Президентіміздің жүргізіп отырған саясатын, іскерлік қабілетін, болашаққа бағыт-бағдар берген Мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған еңбегін оқырманға жеткізу, жас ұрпаққа насихаттау. Көрме екі бөлімнен тұрады. «Н.Назарбаевтың жастық шағы» деп аталатын бірінші бөлімде Елбасының балалық шағынан сыр шертетін «Жанұя», «Н.Назарбаев анасымен, әкесімен және жұмыс кезі» және тағы басқа көркем суретті басылымдары назарға ұсынылған. Ал «Н.Назарбаевтың саяси қызметі» деп аталатын екінші бөлімде Президенттің саяси өмірін баяндайтын жәдігерлер паш етілген.

Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, тау тұлға екенін танытатын танымды фото-көрмені ұйымдастырып, оқырман назарына ұсынып отырған кітапханашылар – Гүлмира Ақшолақова мен Жанар Биболова.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.