Мемлекеттік қызметшілер арасында «Әкем, анам және мен- шынығамыз біз спортпен» атты облыстық спорттық жарысы өткізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті және облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған жарысқа, аудандық және қалалық әкімдіктерден 15 команда қатысты.
Бұл іс-шараның мақсаты: мемлекеттік қызметшілерінің имиджін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және мемлекеттік қызметкерлерді дене шынықтыру мен спортқа баулу боп табылады.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Талдықорған қаласының Абишевтар отбасы, екінші орынды Текелі қаласының Ащановтар отбасы, үшінші орынды Іле ауданының Қасымхановтар отбасы иеленді.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, кубок, медальдарымен марапатталды.
Жалпы алғанда турнир өте қызықты,тартысты болып және де мерекелік күйде өткізілді.Жарыс барысында балалар ғана емес үлкендер де достасып кетті. Осындай отбасылық мерекелік іс шараларды өткізу барлық отбасы мүшелері аса маңызды. Себебі мұндай іс шаралар балалардың ой өрісін дамытып,кез келген ортада тез тіл табысуына мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті