Жақсыдан шарапат...

Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімғазы Райымбеков пен белгілі спортшы, қол күресінен Азия чемпионы, бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын ұстанудың тамаша үлгісі Абдуәли Тастанов қаламызда болып, Қора өзенінің жағалаудында жаңадан ашылған Workout спорттық алаңында жастармен кездесті.
Өнер мен спорт саласының майталмандары жастарды спортты серік етіп, салауатты өмір салтын ұстануға, жаман әдеттерден бойды аулақ ұстап, мықты денсаулық, мол біліммен ел ертеңіне емірене еңбек етуге шақырды.