Ақтоты Райымқұлова спорт ұйымдастырушыларын марапаттады
Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде видео конференцбайланыс-Zoom режимінде спорт күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Оған спорт саласының өкілдері және өңірлік спорт және дене шынықтыру басқармаларының өкілдері қатысты.
Ақтоты Райымқұлова қатысушыларды Спорт күнімен құттықтады.
"Қазіргі уақытта елімізде спортқа ерекше көңіл бөлініп келеді. Мемлекет спортшыларға барлық жағдайды жасап жатыр.
Ендігі мақсат - бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын ұстану", - деді ол.
Одан әрі төсбелгілерді тапсыру рәсімі өтті.
"Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен:
-Крючков Алексей Михайлович-ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары;
-Нұртаев Әлібек Нұрбайұлы-ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК директоры марапатталды.
"Құрметті спорт қызметкері" төсбелгісімен марапатталғандар:
1) Сәрсекенова Кенжеш Садыққызы-Қ. Мұңайтпасұлы атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің конькимен жүгіру спорты бөлімінің жаттықтырушы-оқытушысы;
2) Алкенова Жанар Ақпарқызы - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті әкімшілік және кадр жұмысы басқармасының бас сарапшысы.
Дереккөз – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі