ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА «J LEAGUE» ЖОБАСЫНЫҢ «БЫЛҒАРЫ ДОП», «АЛТЫН ДОП» ЖӘНЕ «ШҰБАР ДОП» КЕЗЕҢДЕРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бұқаралық спортты дамыту – мемлекет саясатының маңызды бағыты»- деп Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда берілген тапсырмасы бойынша Жетісу өңірінде қолға алынған игі бастамалармен үндесіп жатыр. Осы орайда, Жетісу облысында алғаш рет «J LEAGUE» жобасы табысты жүзеге асырылып, өз мәресіне жетті.
Ауқымды жоба 2025 жылдың 19 сәуірінде Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында ресми түрде бастау алды. Шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, экстремизм мен терроризмнің, нашақорлықтың, алкоголизмнің алдын алу, балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, жеңіске деген жігерін ояту, тәжірибе жинауына мүмкіндік жасау, демалысын тиімді ұйымдастыру.
Жоба аясында Жетісу облысының барлық елді мекендерінен 887 командадан 9000 - ға жуық жасөспірім қыздар мен ұлдар қатысты. Оның ішінде футболдан – 556, волейболдан – 177, баскетболдан – 154 командалар өз бақтарын сынады. Жобаның іріктеу кезендері облысқа қарасты 119 ауылдық округ командалары арасында өтіп, жеңімпаз командалар аудандық іріктеу кезендеріне қатысты. Аудандық кезеңде жеңіске жеткен жүлдегер командалар облыс орталығы Талдықорған қаласында өткен ақтық сынға жолдама алды. Финалдық ойындарға футболдан 90 командадан 900 - ден астам жасөспірім ұлдар, волейбол және баскетболдан 60 командадан 600 жасөспірім қыздар қатысты.
Ақтық сында жеңімпаздар мен жүлдегер командаларға жазғы сауықтыру лагерлеріне жолдама, спорттық киімдер және 3000 - ға жуық доптар сыйға тартылды. Сонымен қатар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған жаттықтырушыларға ақшалай қаражат табысталды. Жобаны іске асыру аясында 9000-ға жуық бала тұрақты түрде футбол, волейбол, баскетбол спорт түрлерімен айналысты, 250-ден астам бапкер мен нұсқаушыға әдістемелік көмек көрсетілді. Нәтижесінде, ауылдық жерлердегі балалардың спортқа қатысу деңгейі 42%-ға артты, ата-аналар мен қоғам тарапынан жобаның маңыздылығына оң баға берілді. Жобаның оң тәжірибесін негізге алып, 2025 жылдың 4 тоқсанынан бастап «J LEAGUE 2.0» жобасын ұйымдастыру жоспарланды.
«Былғары доп» кезеңінің жеңімпаздары
2014-2015 жылғы жасөспірімдер:
І орын IT 28 орта мектеп (Талдықорған қаласы)
ІІ орын Байысов мектебі (Ескелді ауданы)
ІІІ орын 8 орта мектеп (Текелі қаласы)
2012-2013 жылғы жасөспірімдер:
І орын Пенжім орта мектебі (Панфилов ауданы)
ІІ орын 8 орта мектеп (Текелі қаласы)
ІІІ орын Үшарал орта мектебі (Алакөл ауданы )
2010-2011 жылғы жасөспірімдер:
І орын «Жетісу» командасы (Ескелді ауданы)
ІІ орын Алғабас ауылы (Көксу ауданы)
ІІІІ орын Күреңбел командасы (Кербұлақ ауданы)
«Алтын доп» кезеңінің жеңімпаздары
І орын Жансүгіров командасы (Ақсу ауданы)
II орын Алакөл командасы (Алакөл ауданы)
III орын Тамшыбұлақ командасы (Ақсу ауданы)
«Шұбар доп кезеңінің» жеңімпаздары
I орын Stars командасы (Сарқан ауданы)
II орын Жансүгіров командасы (Ақсу ауданы)
III орын Найман командасы (Сарқан ауданы)
Жетісу облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі