Қысқы қалалық чемпионат
Текелі қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен қаладағы мекеме, кәсіпорын мен ұйым қызметкерлері арасында шағын футболдан қысқы қалалық чемпионат өткізу бойынша кездесу өтті.

Кездесуге аталған бөлім басшысы Бауыржан Тұғылбаев, қалалық футбол және бокс федерациясының президенті Ертай Дүйсебаев, сондай-ақ, ұжымдардың спорттық іс-шараларға жауапты өкілдері қатысты. Жарыс қаңтардың соңынан Наурыз мерекесіне дейін жалғасатын болады.