«Сұңқар» – жеңімпаз

Облыстың аудан, қалаларынан жиналған аяқ доптың шеберлері жас ерекшеліктеріне қарай кіші және орта топта сайысқа түсті. Кіші топтағы «Сұңқар» командасы 3-орын алса, орта топтағы «Сұңқар» сайыпқырандары чемпион атанды. №8 орта мектебінің оқушылары Айдос Абдикаппаров «Үздік қақпашы», Арсен Ешмұханбет пен Алинұр Сәрсенбай «Үздік шабуылшы», Арафат Паратбекұлы «Үздік ойыншы» аталымын иеленді. Жүлдегерлер Жетісу облысы дене шынықтыру басқармасының грамотасы, кубок және медальдармен марапатталды.
Текелі қаласындағы футболға құмар балалар мен жасөспірімдердерді спортқа баулып жүрген «Сұңқар» командасының жаттықтырушылары – Қанат Сагимов, Сержан Телтаев, Жанай Жақсыбекұлы және Берік Елеусізов. Жаттықтырушылар балалардың жарысқа қатысуына қолдау көрсеткен қалалық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөліміне, балалар мен жасөспірімдерге арналған туризм және өлкетану орталығына және меценат, қалалық Футбол федерациясының президенті Ертай Дүйсебаев, мектеп директорлары Эльмира Иманбердиева, Жанар Жаакпекова, ата-ана Ерназ Рахметовке ризашылықтарын жеткізді.
Торғын ТҰРЛЫБАЕВА