Ауылға кел, жас маман!

2020 жылдың 27 мамырынан «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген ережеге өзгерістер енгізілді.
Әлеуметтік қолдау шаралары мемлекеттен:
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы беру;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсыну ретінде көрсетіледі.
Мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттік кредит жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01% мөлшерiнде, он бес жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі (құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы немесе электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
белгіленген нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiр-месi.
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
белгіленген нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
Кредиттік бюродан есеп;
3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
белгіленген нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
Кредиттік бюродан есеп.
Аталған мемлекеттік қызметті алу үшін «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгіну қажет. Мекенжайы: Абылай хан көшесі 34, байланыс телефоны 8 (72835) 7-90-88.