Текелі қалалық ХҚК бөлімі басшысының қала тұрғындарының назарына!

Қала тұрғындарының назарына ХҚО бөліміне келгенде өздеріңіздің және де өзгеніңде денсаулығын сақтау мақсатында санитарлық талаптарды сақтауларыңызды сұраймын.
Әлемдік пандемия COVID-19 қоғамның барлық салаларына өз әсерін тигізді. Карантин азаматтарға шектеу қойды, бірақ жаңа мүмкіндіктер берді. Елдегі вирустың таралу қаупі әлі де сақталуына байланысты қоғамдық және жеке ұйымдар жұмыс тәсілдерін өзгертті.
Бүгінгі таңда электронды үкімет порталында барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын қазақстандықтар өз үйінен немесе жұмыс орнында отырып-ақ алуына болады. Ол үшін электронды сандық қолтаңбасы (ЭСҚ) болса болғаны. Қазіргі уақытта ЭСҚ-ны да egov.kz порталында алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ кейбір қызметтер мен сервистерді ЭСҚ-сыз, бір реттік құпия сөздің көмегімен алуға болады. Ол үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет. Электронды түрде қолжетімді қызметтерді азаматтар өздігінен egov.kz порталында, eGov mobile, EgovKzBot2.0 мобильді қосымшаларының, Facebook және Вконтакте әлеуметтік желілері чат-боттар арқылы да ала алады.
Мұның бәрі жақсы әрине, бірақ үйінде компьютері, интернеті жоқ адамдар не істейді? Мысалы, цифрлық жаңашылдықтарды пайдалана алмайтын қала тұрғындары қызметтерді қалай алады?
Осы жерде айта кетейін, Текелі қаласы бойынша 21 өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы орналасқан, сол жерлерден өз уақыттарыңызды үнемдеп және санитарлық нормаларды сақтап электронды қызмет түрлерін алуға болады.
Бұл жерде тағы айта кетерлік, егерде азаматтың ЭСҚ-сы болмаса және мобильді азаматтар базасында тіркелмесе, парақшаның оң жақ төменгі бұрышындағы «Виртуалды ассистент» батырмасын басып «Азаматтарға арналған үкімет» операторлары қазақстандықтарға egov.kz порталындағы бейне қоңырау арқылы ЭСҚ-ны және мобильді азаматтар базасына тіркелуге тікелей кеңес беруде.
«Азаматтарға арналған үкімет» операторларының жұмыс уақыты дүйсенбіден сенбіге дейін таңғы 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Қоңырау шалу тегін.
Текелі қаласы мен Рудничный ауылдық округы – Рудничный ауылы бойынша Өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштарының орналасуы төменгі кестеде көрсетілген:
Р/н № |
Қала/ аудан |
Мекеме атауы |
Мекен жайы |
1 |
Текелі қаласы |
«Текелі қаласының әкімдігі» ММ |
Абылай хан көшесі 34 |
2 |
«Текелі қаласының білім бөлімі» ММ |
Тәуелсіздік к-сі, 8 |
|
3 |
«Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ |
Ғарышкерлер к-сі, 7 |
|
4 |
«Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ |
Абылайхан к-сі, 29/1 |
|
5 |
"Текелі қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ |
Ғарышкерлер 8 |
|
6 |
«№1 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ |
Сатпаев көш.,50 |
|
7 |
«№2 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ |
Кошевого көшесі, 6 |
|
8 |
«№3 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ |
Ауезов көш.,1 |
|
9 |
«№4 орта мектеп» КММ |
Кастеев көш. 8 |
|
10 |
«№5 орта мектеп» КММ |
Тәуелсіздік көшесі,23 |
|
11 |
«№6 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ |
Достык көш.,31 |
|
12 |
«№8 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ |
Женіс көш.,10 |
|
13 |
«№1 балабақшасы» МКҚК |
Әл-Фараби көшесі, 24 А |
|
14 |
«№2 балабақшасы» МКҚК |
Жеңіс көшесі №6 үй |
|
15 |
«№3 балабақшасы» МКҚК |
Қазақстан көшесі -20 үй |
|
16 |
«№4 балабақшасы» МКҚК |
Тәуелсіздік 24 |
|
17 |
“KinderLand” жекеменшік балабақшасы |
Достық көшесі, 54 үй |
|
18 |
«Текелі қаласының балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығы» МКҚК |
Әуезов көшесi,15 |
|
19 |
«Балалар шығармашылық орталығы» МКҚК |
Ғарышкерлер көшесі 7 |
|
20 |
ЖҚ «Текелі қалалық ауруханасы» МКК |
Тәуелсіздік көшесі, 25 - үй |
|
21 |
Текелі қаласының Рудничный ауылдық округі, Рудничный ауылы |
«Текелі қаласы Рудничный ауылдық округі әкімдігі» ММ |
Ескелді би, 23 |
22 |
«№7 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ |
Бейбітшілік көш.,50 |