Көшелер көріктеніп келеді

– Бағдарлама аясында бүгінде 91 текелілік еңбекпен қамтылған. Оның 16-сы жол құрылыс жұмыстарына тартылған. Биыл «Алатау» шағынауданының жалпы аумағы 3756 метр жолдарын жөндеу жоспарланған. Оған Уәлиханов көшесі (1980 м), Тәуелсіздік көшесінің төменгі бөлігі (салық ғимаратынан қалалық ауруханаға дейін, 0,706 м), Жеңіс көшесінің бір бөлігі (0,492 м) және тұрғындардың өтініші бойынша, шіркеуден «Бытовик» саяжай қоғамына дейінгі (0,578 м) аралық кірді.
– Күрделі жөндеу бойынша нақты қандай жұмыстар жасалады?
– Жеңіс, Тәуелсіздік көшелері мен «Бытовик» саяжай қоғамына дейінгі аралыққа күрделі жөндеу және жаяу жүргіншілер жолы салынады. Сондай-ақ, Уәлиханов көшесіндегі жеке сектордағы жолдарды жөндеу, арық науаларын жөндеу және ішінара ауыстыру жұмыстары қолға алынуда.
– Құрылыс жобасын жүзеге асыру мерзімі туралы айтсаңыз...
– Бастапқыда жоба екі жылға есептелген болатын, бірақ мердігер компания «Монолит» ЖШС жұмысты жылдың соңына дейін аяқтауға уәде берді. Бүгінде жолдарда дайындық жұмыстары, демонтаждау және жер жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақытта жаяу жүргіншілерге арналған жолдар мен көшелердің негіздері салынуда. Қала тұрғындары мен қонақтарын жол құрылыс жұмыстарының әсерінен туындаған қолайсыз жағдайға түсіністік танытуын сұраймыз.
Нұржан Махаббатқызы