Алдын алу шаралары күшейтіледі

Осы аптада қалалық емханада коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын күшейту бойынша дөңгелек үстел өтті.
Алдын алу шаралары күшейтіледі

«Коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі  күшейту» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы Гүлжан Кенжебаева, аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасарыТаңшолпан Алтынбекова, фтизиатор дәрігері Нұршат Бекбергенова, сондай-ақ, учаскелік дәрігерлер қатысты.

Коронавирустық инфекцияның әлемнің көптеген елдерінде байқалуы бізге сақтық шараларын күшейту талабын көлденең тартып отыр. Яғни, адамдар көп жиналатын барлық іс-шараларды шектеу, қол алысып, бет тиістіріп амандасудан уақытша бас тарту, түшкіргенде, жөтелгенде, есінегенде ауызды басу, қолды сабынды сумен жиі жуу, жеке ыдыс, гигиеналық құралдарды пайдалану, үй бөлмелерін үнемі желдетіп, тазалыққа барынша мән беру керек. Жөтеліп, температура болған жағдайда жедел жәрдем шақырту міндет.  Немқұрайдылыққа да, үрейленіп, дүрбелеңге түсуге де  жол бер-меуіміз керек. Дөңгелек үстелде осы түйінге баса маңыз беріліп, шетелден келген адамдарды уақытша оқшаулау жұмыстарын талапқа сай жүргізу, мектептер мен балабақшаларда, әсіресе, қонақ үй, дәмхана, спорттық нысандар секілді әлеуметтік орындарда сақтық шаларын күшейту керектігі айтылды.    

Дөңгелек үстелде, сондай-ақ, вирустық «А» гепатитінің алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу, дүниежүзілік туберкулезге қарсы күніне орай 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында өткізілетін айлық бойынша жұмыс жоспарын пысықтау туралы да айтылды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.