Пайда ойлама, ар ойла

Ұлы ақын Абай «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге» деп алдымен арды асқақтатқан. Ар-ұяты терең, ынсапты, тәрбиелі және адал адам ешқашан біреудің «ала жібін аттамайды». «Парасатты бол, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 1424-ке хабарла!» акциясы аясында қызметтік, қоғамдық көліктер мен орындарға 1424 сенім телефоны жапсырмалары ілінді. Ақпараттық парақшалар таратылып, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Егер сіз қандай да бір келеңсіз көріністі көзіңіз шалса, тартынбай шындыққа жүгініңіз.
Акцияға қалалық ішкі саясат бөлімі мен ерікті жастар атсалысты.