Жолдар жөнделіп, көшелер көркеюде

Қаламыз жыл сайын ажарына ажар қосып, көркейіп, гүлдене түскені көңілімізге қуаныш ұялатады. Жақында қала көшелері мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдар сымбатты арудай бой түземек. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қалада барлығы 13 жоба қолға алынып, бүгінде 78 текелілік еңбекпен қамтылды. Оның 13-і жол құрылыс жұмыстарына тартылған.
Жолдар жөнделіп, көшелер көркеюде

Құрылыс жұмыстары қыза түскен. Қонаев көшесінің бойымен темір жол өткелінен қаланың кіреберісі және Қонаевтан Күншығыс көшесіне дейінгі жолда жаңа арық науалары салынып, жаяу жүргіншілер жолының қаңқасы қалануда. Сондай-ақ, Орақты батыр, Жансүгіров, әл-Фараби көшелерінің жиегіне арық жүйелері төселуде. Жауапты мердігер – «Нұр-Шапағат құрылыс» ЖШС.

Жұмыспен қамтуды жүзеге асыру және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу, қосымша жұмыс орындарын құру және табысты қамтамасыз етуді басшылыққа алған бағдарлама басымдықтарынан игіліктенгісі келіп, «Екі қолға бір күрек» деп адал еңбекке ұмтылған кез келген жұмыссыз азамат халықты жұмыспен қамту орталығына барып, немесе 4-32-63, 4-29-41 телефон нөмірлері арқылы толыққанды ақпарат алуына болады. Жөндеу жұмыстарының әсерінен орын алған қолайсыз жағдайға қала тұрғындары түсіністікпен қарап, сабырлық танытуы қажет. Жаяу жүргіншілерге арналған жаңа жолдар мен арық жүйелерінің игілігін көретін күн де алыс емес, ағайын! 

Нұржан Махаббатқызы

 

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.