Бурлежкаға шомылуға болмайды!

Соңғы кездері ыстық ауа райына және COVID-19 бойынша енгізілген карантинге байланысты Текелі қаласы тұрғындарының сорғы станциясы жағалауына баруы жиілеп кетті (халық арасында – Бурлежка).
Бурлежкаға шомылуға болмайды!

«Текелі энергокомплекс» ЖШС осы техникалық құрылыста шомылуға қатаң тыйым салынғанын хабарлайды. Жазатайым оқиға болуы мүмкін. Кәсіпорын қоршаулар орнатып, плакаттар мен тыйым салынғаны туралы белгілерді орнатты. Полиция органдарымен бірлесіп патрульдеу жүргізілуде.

Құрметті қала тұрғындары, сіздерден суға шомылу үшін арнайы орындарға ғана баруды және осы объектіге мүлдем бармауларыңызды сұраймыз.

Құқық бұзушылыққа кінәлі адамдарды полиция органдары Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 364-бабы бойынша тыйым салынған орындарда шомылғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.