Балаларға базарлық
Қаламыздың кішкентай балдырғандарына арналған ойын алаңдарының жөнделуі олар үшін зор қуаныш.

Текеліде ойын алаңдарының әрқайсысына жеке жоба қарастырылып барлығы 22 алаң салынады. Бүгінде алаңдардың орнын дайындау жұмыстары жүргізілуде: құрылысшылар құм сеуіп, тас төсеніштерді орнықтыруда. Ғарышкерлер көшесі, 5 мекенжайында ауданы 331 м2 болатын алаңның жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Мұнда арнайы жұмсақ жабын төселіп, әткеншек, құмсалғыш, орындық сынды заман талабына сай ойын құрылғылары орнатылады.