Қазақстан картасында үш жаңа облыс пайда болды

Бүгіннен бастап Қазақстан Президентінің «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 4 мамырдағы Жарлығы ресми түрде күшіне енді.
Қазақстан картасында үш жаңа облыс пайда болды

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласы болды.

Біздің облысымыз әкімшілік орталығы Талдықорған қаласында орналасқан Жетісу облысына айналды.

Оның құрамына Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары мен Текелі қаласы енді.

Сондай-ақ, бүгіннен бастап Қазақстанда жер аумағы жағынан алдыңғы лекте  тұрған Ұлытау облысы пайда болды. Оның құрамында Жаңаарқа мен Ұлытау ауданы және Жезқазған, Қаражал және Сәтпаев қалалары бар. Әкімшілік орталығы – мыс өнеркәсібінің өзегі болып саналатын Жезқазған қаласы.

Ал Шығыс Қазақстан облысынан бөлінген Абай облысына кірген сегіз аудан – Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Үржар және екі қала – Семей мен Курчатов.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.