Аға буын ықыласы

Текеліліктер таңғы сағат 07.00-ден бастап референдум учаскелерінде дауыс беріп жатыр. Республикалық референдумға аға буынның ықыласы ерекше. «Абзал ана отауы» халықтық әжелер ансамблінің мүшесі Қасиет Хабибуллақызы референдумға ұлттық киім киіп, шашуын шаша келді. «Референдумда дауыс беру – әрбір азаматтың құқығы. Мен өз таңдауымды жасадым. Референдумға мерекедегідей көңіл-күймен келгенім, елімнің келешегі жарқын, берекелі, бақуатты болсын деген тілегімнің көрінісі»,– деді ол.