Уақытында пайдалануға беріледі

Аталған бағдарлама бойынша ауылдағы негізгі 3 көшеде 1,3 км жаяу жүргіншілер жолы жаңадан жасалуда. Мердігер компания «Хан-Тенгри құрылыс» ЖШС міндетіне алған жөндеу жұмыстарын шілде айына дейін аяқтайтынына сенімді. Демек, ауылдағы ішкі жолдардың жағдайы жақсара түсетін болады. Сондай-ақ, №7 орта мектептің жанында көлемі 904 шаршы метрді құрайтын спорт алаңы жасалуда. Алаңның тағаны бетондалып, арнайы жұмсақ жабын төселеді. Айналасына биік қоршау қойылады. Шілде айында пайдалануға берілетін жаңа нысан ауыл жастарының түрлі спорттық жаттығулар жасайтын, футболдан жарыстар ұйымдастыратын сүйікті орнына айналатыны сөзсіз. Жағдайы жақсарып, жан саны артып келе жатқан ауылдың тыныс-тіршілігіне жаңа леп, соны серпін қосқан мемлекеттік бағдарлама, сонымен бірге, тұрғындарды жұыспен қамтуға да оң ықпал етуде. Яғни, жұмыссыз ауыл тұрғындары жол және алаңның құрылысына жұмысқа тартылған.
Жұмыс сапары барысында қала әкімі ауылдың жоғары жағындағы сай ішінде орналасқан ауыз суды тазарту құрылысын қайта жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс басына арнайы барып, мердігер компания басшысына нысанды келісімшарттағы барлық құрылыс талаптарына сай уақытында аяқтап, қолданысқа беруді тапсырды.