Жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігі туралы ата-аналар үшін жадынама

Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек.
Жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігі туралы ата-аналар үшін жадынама

Балалардың демалып және сау болуы үшін, ата-аналармен, туысқандарымен, достарымен демалысты ұйымдастыру кезінде бірқатар ережелер мен талаптарды есте сақтау керек.

Балалар бойына жеке қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастырыңыз-дар, балалармен жеке әңгіме жүргізіңіздер, маңызды ережелерді түсіндіріңіздер, оларды ұстану өмірлерін сақтауы мүмкін, баланың бос уақыты мәселесін шешіңіз.

 Есте сақтаңыздар!

Қараңғы түскен уақыт пен түнде (22.00-ден 06.00-ге дейін) балалар мен жасөспірімдерге үлкендерсіз көшеде жүруге заңды түрде тыйым салынады.

Өз балаңыздың қайда, кіммен жүргені туралы үнемі біліп отырыңыз, барған орнын бақылаңыз. Бөгде адамдармен сөйлесуге тыйым салыңыз.

Егер біреу оған қиянат жасағысы келсе, әрқашан кімге болса да «жоқ» деп айтуға толық құқығы бар екенін түсіндіріңіз.

Қандай жағдай болмасын танымайтын адамдардың көлігіне отыруға болмайтынын түсіндіріңіз; не болса да, бала-ңызға қандай жағдай болмасын оның болған уақиға туралы сіздің білуіңіз қажет екенін айтып, оған ашуланбайтыныңызды, оның жағында болатыныңыз туралы сендіріңіз.

Құпияда ұстауға уәде берсеңіз де, кейбір фактілерді құпияда ешқашан сақтауға болмайтынын түсіндіріңіз;

Судағы жүзу мен ойындар

Судағы жүзу мен ойындар рақаттанғаннан басқа баланың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызады.

Балаңыз суда болған уақытта одан көз алмаңыз, басқа нәрсеге алданбаңыз – сол сәттегі минут қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін, балаларға жалғыз суда шомылуға, сонымен қоса білмейтін жерде сүңгуге болмайтынын міндетті түрде түсіндіріңіз, балаларға қарап отырған ересек адамның өзі де жүзуді, алғашық көмек көрсетуді білуі тиіс, қолдан дем алдыру мен тікелей емес жүрек уқалауын жасауды жүргізуді білуі тиіс.

Жол-көлік оқиғасы

Жол-көлік оқиғасының құрбаны немесе себепші болмауы үшін, балаларға жол жүру ережелерін үйрету қажет, жолда және қоғамдық көлікте мұқият болуды үйретіңіз; балалармен ойын және спорт алаңында, жорыққа шыққанда абайлаңыз және қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз; велосипедте, квадроциклда, мопедте, мотоциклда балармен жүру ережені жаттаңыз.

Есте сақтаңыздар! 14 жасқа толмаған балаларға велосипедті автомагистраль мен соған тең жолдарда жүргізуге, ал 16 жасқа толмаған балаларға скутерді (мопедті, квадроциклді) жүргізуге тыйым салынады.

Балалар табиғаттан бей-қам және сенгіш екенін есте сақтаңыз.

Балаларда алаңғасарлық болатына назар аударыңыз. Сондықтан, өзін ұстаудың оңай ережелерін балардың есіне жиі салуыңыз, олардың есте сақтап және оны қолдануына мүмкіндік береді. Сіз оны үнемі естеріне салып отыруға міндеттісіз.

Баланың жарақат алуы көбінесе мектеп пен үй арасында болады. Көшеде ұзақ ойнап жүріп қалған бала міндетті түрде қиын жағдайға тап болуы мүмкін (балалармен ойнап жүріп ерегісіп, төбелесіп қалуы, бір-бірінің заттарын тартып алуы, бөтен бұзақы балалардың көзіне түсуі және олардың ақша талап етуі, дүкеннен жарылғыш заттарды сатып алып ойнауы, т.с.с.).

Ата-ана балаға артық ақша бермеуі керек. Үшкір заттар мен газды балондар алып жүрмеуін қадағалауы қажет.

Көбінесе ата-ана жұмыста болып, бала үйде жалғыз қалатын кездер болады.

Балаға техника қауіпсіздік ережелерін және мынаны ескертіп отыруы керек: үйде жалғыз қалғанда электр жүйе-сіне жақындамау, газ плитасына тиіспеу, терезені ашпау, бөтен кісіге есік ашпау, т.с.с.

Ата-анасының әрбір ескертуін ұмытпай, ереже талабын бұлжытпай орындаған балалардың әр түрлі сәтсіздіктен аулақ болатыны шындық.

Есте сақтаңыз! Бала ата-аналары – сізден үлгі алады! Сіздің үлгіңіз баланы көше мен үйде тәртіпті болуына үйретсін. Қайғылы оқиғалардан балаларды сақтау үшін, барлық мүмкіншіліктерді жасауға тырысыңыздар.

Текелі қалалық
білім бөлімі

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.