Ақпарат және жарнама

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы және сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру
Ақпарат және жарнама

Жарнама – кез келген құралдардың көмегімен таратылатын және орналастырылатын, адамдардың белгісіз тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға және оларды өткізуге ықпал етуге арналған ақпарат.

ҚР Президентінің 08 қаңтар 2019 жылғы №215-VI Заңымен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 2019 жылғы 11 сәуірден бастап сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы елді мекендердегі және жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін ғана емес, елді мекендерден тыс және жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінен тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін де алынатын болады.

Өзгерістерге сәйкес, енді жарнамаға нелер жатады:

Объектілердегі сыртқы (көр-некі) жарнама жатады, жарнама объектілерін орналастыратын жеке тұлғалар (оның ішінде дара кәсіпкерлер) және заңды тұлғалар:  1. маңдайша;  2. жұ-мыс кестесі туралы ақпарат; 3. арнайы бөлінген орындарда орналасқан мәдениет мекемелерінің, орындаушылардың және спорттық-ойын-сауық іс-шараларының репертуары бар афишалар;  4. техникалық қызмет көрсету құралдары мен көлік құралдарын дараландыру; 5. келесі сипаттағы сыртқы визуалды қабылдау үшін сөрелер мен терезелерді сыртқы немесе ішкі безендіру: тауар өнімінің үлгілері; жеке дараландыру құралдары; сәндік және мерекелік безендіру; мұнай өнімдерінің түрлері, мұнай өнімдерінің бағалары, автожанармай құю станцияларына кіру кезінде орнатылған сатушының атауы мен логотипі көрсетілген ақпараттық табло; теңгедегі қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату бағамы туралы мәліметтерден тұратын ақпараттық стенд.

 Маңдайша үшін салық алынбайды, бірақ тек белгілі бір түрде ресімделген тауарлардың бейнелері, брендтер, акциялар, маңдайшадағы жеңілдіктер, бағалар, акциялар мен жеңілдіктер туралы хабарлар, мәзір-лер, электрондық пошта немесе байланыс телефондарының номерлері мекенжайлары болған жағдайда, бұл жарнама болып саналады. Мысалы, компания киім сатумен айналысады. Егер дүкенге кірерде маңдайшада дүкеннің атауы көрсетілсе және маңдайшада «киім сату» деп жазылса, онда бұл маңдайшаға салық салынбайды. Бірақ егер бұл маңдайшада бренд көйлек немесе «арзан көйлектер» деп жазылса, онда бұл жарнама болады.

Сондай-ақ, 2019 жылдың 11 сәуірінен бастап жарнамаларды орналастырғаны үшін төлемақы көше сыртынан безендірілген витриналар мен терезелерге салынады. Мысалы, егер дүкеннің витраждық терезелерінде сурет, акциялар мен жеңілдіктер туралы ақпарат орналастырылса, онда мұның бәрі жарнама үшін төленеді. Бұған дейін сыртқы безендірілген витриналар мен терезелерді кәсіпкерлер жарнамаға ақы төлеудің қажеті жоқ болған еді.

 Жарнаманы орналастыруға рұқсат алу рәсімі, рұқсат беру тәртібінен хабарлама тәртібіне көшті. Енді жарнаманы орналастыру үшін жарнама беруші 5 күн бұрын хабарлама жіберуге міндетті. Жарнама орналастыру туралы мәліметті уәкілетті органға береді.

Салық мөлшері орналасқан жеріне және сыртқы жарнама орналастыру көлеміне байланысты болады. Жарнаманы орналастырушы жарнама үшін төлемақысын бірінші айға алдын ала төлеуге міндетті. Төлемақы ставкалары ҚР Салық кодексінің 605-бабының талаптарында белгіленді.

Жарнаманы «динамикалық» билбордтарға (скроллерлерге) орналастыра отырып, пайда болатын әрбір сурет үшін салық төлеу қажет болады.

Бюджетке енгізілуге жататын төлем сомасы ай сайын сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру орны бойынша ағымдағы айдың 25-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді.

 

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.