Мемлекеттік қызметтер

«Текелі қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ИИС ЦОН АРМ ГО Е-Лицензи-рование арқылы (E-gov порталы арқылы) электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлері:
Мемлекеттік қызметтер

1) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;

2) Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру;

3) Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизм-дерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу;

4) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;

5) Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру;

6) Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту;

7) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

8) Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру;

9) Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру;

10) Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру;

11) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу;

12) Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

13) Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;

14) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;

15) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.