ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінде "Ашық есік күні" өткізілді

Қатысушыларды Департамент басшысы Л.Бейсеқұлова қарсы алып, шараның мақсатын таныстырып, жастардың пікірлерін білді.
Іс - шараның негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, ашықтықты арттыру, департаменттің ішкі қызметімен таныстыру.
«Мемлекеттік қызметіне қалай түсуге болады?», «Үміткерлерге қандай талаптар қойылады?», «Тестілеуден қалай және қайда өту керек?» - келушілердің осы және басқа да сұрақтарына толық жауаптар берілді.
Сонымен қатар, тестілеу залына және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының ғимаратына экскурсия ұйымдастырылды. Студенттер тестілеуден өту бағдарламалары жайлы, мемлекеттік қызметшілерді оқыту бағдарламалары мен шарттары туралы толық ақпарат алды, кітапханаға және аудиовизуалды-интерактивті мультимедиа жүйелерімен жабдықталған оқу аудиторияларының жұмысымен танысты.
Экскурсия қызықты әрі танымды болды. Түлектер өздерінің болашақ жолдарын таңдау алдында тұрған, жұмысқа орналасуына ықпал ететін іс-шараға қатысудан үлкен қанағат алды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті