Өңірде газға қосылу құны реттеледі

«Алматы –Талдықорған» магистральды газ құбырын толық орнату үшін іргелес жатқан елді мекендерде көгілдір отын желісі салынбақ. Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Талдықорғанда өткен брифинг барысында айтты.
Өңірде газға қосылу құны реттеледі

Газ желісі бюджет есебінен жүргізілгендіктен, тұрғындардың табиғи газға қосылу құны да төмен болмақ. Әзірге жобалық-сметалық құжаттары дайын. Сондай-ақ, жалпы сомасы 22 миллиард теңгеге 15 жобаның мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған.

Сонымен қатар ол облыстағы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарымен бөлісіп, Жетісу өлкесінде минералдық шикізатты өндіріп, қайта өңдеуге басымдылық берілетінін айтты.

Алғашқы ірі жоба – «Жетісу Вольфрамы» ЖШС вольфрам кенін өндіру. Бұл жоспар Бұғыты кен орнында жүзеге асатын болады. Мұнда 94,5 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, салдарынан 400 жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Оның жобалық қуаты 3,3 млн. тонна кен өндіруге жетеді, – деді Қ. Бозымбаев.

Жетісу жерінде іске асатын тағы бір маңызды жоба – «Көксай Мұзбел» ЖШС тау-кен байыту комбинаты. Мұнда келешекте 25 млн. тонна мыс кені қайта өңделеді. Бұл мақсатта 650 млрд. теңге инвестиция тартылмақ. Комбинат іске қосылса 1200 адам жұмыспен қамтылады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.