“Алтын Орда” базарына қатысы бар фирмалар бюджетке 20 миллион теңгеден аспайтын салық төлеген

Алматы іргесіндегі “Алтын Орда” базарына қатысы бар фирмалар бюджетке 20 миллион теңгеден аспайтын салық төлеген,- дейді Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев.
 “Алтын Орда” базарына қатысы бар фирмалар бюджетке 20 миллион теңгеден аспайтын салық төлеген

Ол жерде тәртіп орнату туралы президенттің тапсырмасы аясында, тиісті жұмыстар атқарылатынына уәде берді.
Айта кетейік, бұл базарға қатысы бар компаниялар өткен жылдармен қоса барлығы 10 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін ғана салық төлеген.
“Осы базарда жұмыс істеген компаниялар – бюджетке қанша төлемегенінің ауқымын елестетіп көріңіз. Сондықтан сәулет, санитарлық бақылау, фитосанитарлық бақылау, ветеринарлық бақылау, тиісті салықтан бастап барлық бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілетін болады” , - деді Бозымбаев баспасөз мәслихатында.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.