Кәсіпкер құқығы қорғауда

«Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының Текелі қалалық филиалында жұмыс барысында туындайтын түйткілді мәселелер бойынша кәсіпкерлердің құқығын қорғауға арналған жиын өтті.
Кәсіпкер құқығы қорғауда

Алқалы жиынға Алматы облысы прокурорының аға көмекшісі Таир Важитов, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес төрағасы Баниямин Файзулин, облыстық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Ілияс Мырзакенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық департаменттің басқарма басшысы Асқар Садықов, Кәсіпкерлер палатасы Текелі қалалық филиалының директоры Тұрысбек Жұмаділов, Текелі қалалық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Шалбаев және кеңес мүшелері қатысты.

Өткен жылдың соңында «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы мен прокуратураның бірлескен көшпелі отырысында кәсіпкерлер тарапынан көтерілген мәселелердің оңтайлы шешілу жолдары айтылды, кәсіпкерлер құқық қорғау органдарының өкілдеріне электр энергиясы тарифін төмендету, мәрмәр карьеріне апаратын тау жолының сапасы мен қауіпсіздігіне байланысты ұсыныс, пікірлерін жеткізді. Кәсіпкерлердің қандай да бір кедергіге тап келген жағдайда бизнес құқығы мен мүддесін қорғау үшін мобильдік топқа және «Атамекен» палатасы мен прокуратура органдарына жүгініп, көмек алуға мүмкіндіктері бар.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.