"Жетісу" радиосы өз жұмысын бастады

Радио толқынының Алматы облысының барлық аймағына, соның ішінде шекаралық өңірлеріне де кедергісіз хабар таратуына мүмкіндігі бар.

Жиіліктері:

Талдықорған қаласында -107.2

Жаркентте - 106.5

Текеліде - 104.8

Үшаралда - 104.3

Лепсіде - 103.8

Балқаш ауданы, Балатопарда - 102.1

Құйғанда - 101.7

Райымбек ауданы Қызылұш, Жалаңаш ауылдарында 100 жиілігінен тыңдай аласыз.

Болашақта «Жетісу» радиосының толқыны облыстың барлық аумағына таралады. Қазір осы бағытта техникалық және құжаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Осыдан бірнеше жыл бұрын «Жетісу» телеарнасын басқарған белгілі тележурналист Бейсен Құранбек радио ашу туралы бастама көтерген болатын. Бұл істі оның әріптестері Серік Сарыбай, Досан Қызайбековтер соңына жеткізіп, бүгін «Жетісу» радиосының ресми ашылуын өткізді.

Радио ақпараттық-танымдық бағытта жұмыс істейді. Ұжымға белгілі қаламгер Есболат Айдабосын жетекшілік етеді. Мұнда саланың қыр-сырын меңгерген Айнұр Төлеу, Мұхит Тоқтасын, Салтанат Жексембек, Аршын Айдынбекұлы сынды редакторлар еңбек етеді. Музыкалық әрлеу, қадағалау Мақсат Арыстанбаев пен дыбыс режиссері Сафа Серғазының мойнында. Шығармашылық құрам алдағы уақытта тағы да жаңа мамандармен толыға түспек.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.